Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз операциялары 81 пайызға өсті

0 6

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз онлайн операцияларның үлесі 81%-ға дейін өсті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2020 жылы 3 млрд жуық қолма-қол ақшасыз операция жасалды. Бұл көлемнің 81%-ы онлайн-операциялар – интернеттегі төлемдер мен мобильді банкингке тиесілі. Бұл ретте айтарлықтай өсім карантиндік шектеулерге байланысты қалыптасып отыр.

Қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66% -ды құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, мобильді және интернет-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 82%-ға артып, 14 миллионды құрады.

Жалпы, осы қызметтерді қолданушылардың саны бір жыл ішінде 46%-ға өсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.