ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Таразда жас ақындар арасында «Поэтикалық дуэль» өтті

Таразда жас ақындар арасында «Поэтикалық дуэль» өтті

Бүгін Жамбыл атындағы Руханият орталығында «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты жас ақындардың поэтикалық дуэлі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

 

Жамбыл облысындағы жас ақындардың шығармашылығын халыққа  етене таныстырып, әдебиетке деген жанашырлықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған поэтикалық кеш көрерменге ерекше әсер сыйлағандай.

  

Аталмыш поэтикалық дуэльге алғаш болып жас ақын қыз Арайлы Жақсылық пен Нұрболат Жолдасбек шықты. Мөлдір жырларды молынан төккен екі ақын бір-бірінен қалыспай, өлең жырларын арнап көрерменнің қошеметіне бөленді.

 

Екінші болып шыққан Файзулла Төлтай мен Жұлдыз Молдағалиева махаббат лирикасынан сыр шертіп, көрермендерді өз өлеңдеріне, өз сезімдеріне сендіре алғандай.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен поэтикалық кешке облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері, жас ақындар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Жанат Қамшыбекқызы игі іс-шараға қатысушы жас ақындарды алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

 

Дереккөз: «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу