«Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» этно жобасы қолға алынды (ФОТО)

0 6

Тараздағы  Ортағасырлық Төрткүл керуен сарайында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» этно жобасы қолға алынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты — көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырды.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтті.

Михаил Тё

Юрий Ким

Айта кетейік, этножоба халыққа 6 ай көлемінде қызмет етеді. Аптаның демалыс күндері жанұяңызбен көне ауыл өмірі мен қазақ ұлттық өнерін көруге мол мүмкіндігіңіз бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.