ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Дені сау ұлт – елдің басты байлығы

Дені сау ұлт – елдің басты байлығы

Дені сау ұлт – елдің басты байлығыҚазақстан орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын түсіндіру және іске асыру (5 институционалдық реформаның 80-қадамын іске асыру) бағытында «Дені сау ұлт – елдің басты байлығы» тақырыбында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Т.Масалимовтың қатысуымен  брифинг өтті. 
Мемлекеттің мықты өсіп-өркендеуі мен дамуы жолында БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАРды жүзеге асыру үшін еліміздің тұрақты әрі табысты дамуы жолында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев және Президенттік Ұлт жоспары ұсынған «100 нақты қадам» атты біздің еліміздің жаңа тарихи кезең жоспары. Әр қадам – бұл нақты тәжірибелік Елбасы тапсырмасы.
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.
Басты байлық саналатын денсаулық мәселесінде аурудың алдын алу, ерте бастан күресу шараларына басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту үшін, мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізге алынбақ.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған, елдің әлеуметтік-демографиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Медициналық қызметтің сапасын арттыруын және кадрлық потенциалының дамуын сипаттайтын облыстың денсаулық сақтау саласында аталған мемлекеттік бағдарламаның 2 кезеңі осы уақытта аяқталды. Ана мен баланың денсаулығын нығайтуға, нәрестелік және аналар өлімін төмендетуге, әлеуметті мәні бар ауруларға (туберкулезге, онкопатологияға, СПИД-ке, жүрек-тамырлар ауруларына, жарақаттануға) қарсы әрекеттерге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, облыстың денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіруге бағытталған басымдар сақталуда. Халықпен жұмыс жасау аурушаңдықтын алдын алуға, денсаулықты қорғау ынтымақтастықты арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
2015 жылы денсаулық сақтау жүйесі қызметіне қаржыландыру артып, 41,434 млрд. теңгені құрады, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне  – 30,386 млрд.теңге.
 2015 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін өмір ұзақтығы облыс бойынша 71,16 жасты құрады (2014 жылы – 71,16). 
Аталмыш  бағдарламаны іске асыру нәтижесінде аналар өлімі 6 есеге төмендеді. Осылайша 2011 жылы бұл көрсеткіш 26,2 болған, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3,8 құрады, 100 000 тірі туғанға шаққанда. Нәрестелік өлім көрсеткіші  10,5-ке дейін төмендеді (2014 жылы 10,7).
Ана мен балаға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 2015 жылы 200 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталық пайдалануға берілді.
Атқарылған кешенді іс-шаралар нәтижесінде әлеуметтік маңазы бар аурулар бойынша ахуал тұрақтандырылды. Туберкулез  бойынша негізгі көрсеткіштер 5 жылдың ішінде  26,1% төмендеді, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 5 жылда 48,5% төмен түсті.
Қатерлі ісіктердің диагностикасын жақсарту мақсатында облыста 20 онкологиялық, 21 маммологиялық  және 40 қарап-тексеру кабинеттер жұмыс істеуде.
Ұлттық скринингтік бағдарламасы  аясында  қатерлі ісіктерді анықтау көрсеткіші – 1,6% өсті (2014 жылы – 137,5-тен 2015 жылы 139,7-ге дейін).
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында облыстың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, дамыды. Әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалау және тиімді емдеу әдістерінің жаңа технологиялары қолданылуда, өңір әлеуметтік, медициналық дамуында жақсы көрсеткіштерге жетті.
Жергілікті бюджет есебінен 1244,6 млн.теңгеге 226 бірлік медициналық техника сатып алынды.
Облыстың денсаулық сақтау саласында дәрігерлер саны өсті, 2011 жылы 2486 дәрігер жұмыс жасаған,  01.01.2016ж. -  2519 дәрігер, 10 мың адамға дәрігерлермен қамту көрсеткіші 2011 жылдың 23,5-тен 22,8-ге дейін 2015 жылы төмендеді.
Орта буын қызметкерлерінің саны жыл сайын өсіп келеді,  2011 жылы 8909 қызметкер жұмыс істеген, 2015 год – 9109, орта буын қызметкерлерімен жасақтау көрсеткіші 84,4-тен (2011 жылы ) 2015 жылы 82,3-ке дейін төмендеді.
Облыста ауылдық жерлерде жас мамандарды бекіту бағдарламасы әзірленген, жергілікті бюджеттен көтерме ақы төлеу үшін қаражат жыл сайын қарасытырылады.
Облысқа 5 жылдың ішінде 508 дәрігер келді, 399 ауылдық жерлерге.
2015 жылдың 4 маусымында Жамбыл медициналық колледжі базасында аймақтық симуляциялық орталық ашылды. Медицина қызметкерлеріне арналған оқу орталығы заманауи тренажерлермен, манекендермен және симуляторлармен жабдықталған.
2015 жылдың шілдесінде медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға және облыстың денсаулық сақтау жүйесінің потенциалын әрі қарай дамытуға және ғылыми негізделген медициналық технологияларын енгізуге мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.
Соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылып, пайдалануға берілді. 2016 жылы Тараз қаласында 300 төсектік көп бейінді қалалық аурухананың және Меркі ауданы мен Қаратау қаласындағы аудандық емханалардыңң ашылуы жоспарланып отыр.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз орталығы


 

             
 

Пікір: 0
Пікір қосу