Әлемдегі ең сәулетті қалалар

0 12

Саяхат жасағанды ұната қоймайтын жандар кемде-кем болар. Ең бірінші қайда барамын деп бас қатыратын сәт туса, онда әлемнің ең сәулетті қалаларынан бастаңыз. Zalando сауда-саттық онлайн-платформасы әлемдегі ең сәулетті қалалардың рейтингін жариялады. Бұл рейтингтің көш басында Париж тұр.

Бұған ешкім шүбә келтірмес. Жалғыз Эйфель мұнарасын көру үшін Франция елінің астанасына жылына миллиондаған туристер келетіні жасырын емес. Сәулетті қалалар рейтингі түрлі талап бойынша түзілген. Мамандар қаланың сәулетіне, транспорттық инфраструктурасына, көш тазалығы, сән мектептері, туристердің келуі мен қауіпсіздік мәселелеріне мән берген. Осындай талаптар бойынша Париж 80 қаланың ішінде үздік шығып тұр. Рейтингте екінші орынға Лондон (Ұлыбритания) орналасқан. Үштікке Австрия елінің астанасы Вена енген.
Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.