Жердің жасы қаншада?

0 2

 Өзіміз өмір сүріп жатқан ғаламшар жайында көп біле бермейміз. Мәселен Жердің жас мөлшерін ғалымдар нақты айта алмаған. Айтса да, бәрі тек болжаммен ғана жорамалдаған. Себебі, бастапқыда пайда болған ғаламшарларда жазу болмаған, сондықтан олар да өз өмірі туралы ешқандай мәліметтерді қалдырмаған. Ал сіз Жердің жасы қаншада деп ойлайсыз? Адамзатқа бұл сұрақтың жауабын білуге атом құрылысы туралы білімі көмектескен. Шындығында Жер ғаламшарының жасы 4,5 – 4,6 миллиард жыл (50 миллион шамасы). Алғашқы өмір белгілері Жер пайда болғаннан кейін 1 миллиард жылдан соң туындағанын айтпағанда, Жер шарының бейнесі бірнеше рет өзгерген. Жердің жас мөлшерін анықтағысы келген жалғыз тіршілік иесі адамдардың өзі 50-100 мың жыл бұрын ғана пайда болған. Жердің көлемі ұлғаюы туралы да бүгінде жорамал екіге бөлінеді.  Алғашқысында ғаламшар көлемінің бірте-бірте ұлғаюы, оның массасының да бірте-бірте өсуімен байланысты делінеді. Ал екінші жорамалда Жердің дамуы барысында оның массасы қатты ұлғаймайды. Алайда планетаның ішкі өңіріне тиесілі заттар тығыздығының бірте-бірте босаңси түсуі, оның көлемдік ұлғаюына әкеледі деген. Ғаламшарымыздың жас мөлшерін анықтауда тынбай еңбек еткен ғалымдардың ашқан құиялары негізінде бірігей болып шыққан. Ал мына төмендегі ғұламалар Жердің жасы туралы мынадай болжам айтқан.

• Михаил Ломоносов Жер жалпы Жаһаннан бұрын жеке жасалған деп пайымдаған. • Аристотель Жер мәңгілік өмір сүрген деп ойлаған.

• Римдік ақын Лукреций керісінше, Жер Троя соғысынан аз ғана бұрын пайда болған деп сенген.

• 1862 жылы физик Лорд Кельвин есептеулер жасап, Жердің жас мөлшері 20 және 400 миллион жыл аралығын құрайды деп анықтаған. Бұл тізімді тоқтамай жалғастыра беруге болады, алайда бұл есептеулердің ортақ сипаты – олардың жалғандығына сияды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.