Ұры есікке қыстырылып қалды(ВИДЕО)

0 0

Австралияның Мельбурн қаласында сауда орталықтарының біріндегі кітап дүкенін тонамақ болған жігіт есікке қыстырылып қалған.

Оның күлкілі әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеожазбада қолына сусын ұстаған жас жігіттің жабық тұрған әйнекті есіктен қыстырылып кіріп жатқанын байқауға болады. Есіктің біресе аяғын, біресе дорбасын қысып қалғанына қарамастан, ол төменгі қабатқа эскалатордан секіріп түседі. Онда да ебедейсіз қимылынан құлап түскен. Діттеген жеріне жеткен кезде кітап дүкенінің есігін сындырып, ондағы темірсандықты өзімен бірге алып кеткен. Әзірге ұрлықшы қолға түскен жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері оны көріп-білгендер болса, хабар берулерін сұрап отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=otiJMw5yQXA

Дереккөз: КТК.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.