ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Қордай ауданының экономикасы қарқынды дамып келеді»

«Қордай ауданының экономикасы қарқынды дамып келеді»

«Қордай ауданының экономикасы қарқынды дамып келеді»Қ. Ә. Досаев, Қордай ауданының әкімі
         - Қайрат Әскербекұлы, Қордай ауданы Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикасы дамыған ауданның бірі болып есептеледі. Ауданның негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, атап өтсеңіз.
  - Елбасының жергілікті атқарушы органдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде ағымды жылдың басынан аудан экономикасының қарқынды дамуына қол жеткіздік. Әр елдің экономикалық жағдайы көбінесе оның өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты. Өйткені өнеркәсіп - ұлттық экономиканың негізін қалаушы, барлық елдердің экономикалық даму деңгейін сол анықтайды. Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштеріне тоқталсақ, бүгінгі күнге өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1 532,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, физикалық көлем индексі 111,6 пайызды құрады.
Шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнімдер мен қызметтер көлемі 7 650,5 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда өсім 10,3 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім 1,4 млрд. теңгені құрады, ол 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға артқан.
Негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемі 1 112,0 млн. теңгені құрап, 12,3 пайызға артты.
- «2015-2019 жылдарға арналған  Үдемелі индустриалды-инновациялық даму  және  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламары аясында аудан бойынша қандай жобалар іске қосылды?
 - Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады.
         Үдемелі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  ауданда жалпы жобалық құны 58 млрд. 333 млн. теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда:
1. «КазБарит» ЖШС-і барит кендерін өндіру және қайта өңдеу кешенін салу. Жобаның бірінші кезеңінде, Наркызыл барит кенін пайдалану құқығын тікелей келісім-сөз арқылы алу үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министірлігіне хат жолданып, бірақ тілеке қарсы аталған министірлік жоғарыдағы мәселе бойынша ойдағыдай шешім бермегендіктен кәсіпорынның жұмыстары тұрып қалды.
2. «Aurum Deutschland AG» (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС-і Тау-кен металургимялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру.
3. «Ветро Инвест» ЖШС-і – жел электр энергиясын өндіру. Кәзіргі кезде 8 қондырғылар 2 келендар әкеленді, бетон негіздерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
4. «Алатау Қордай» ЖШС-і –Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қыргау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу. Жобаның құны 280 млн. теңге. Іске асыру мерзімі 2015-2018 жылдар. Жобаның құрылысы кезінде 45 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 15 тұрақты жұмыс орын ашылады. Жоба екі кезеңнен тұрады: 1 кезең дайындау барлау жұмысы, 2 кезең керекті қондырғыларды сатып алу және зауыт құрылысын жүргізу.
         «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламанын аясында  2015 жылы іске асырылған жобалар:
1.  «Носер» ЖШС-нің жобасы 389 га алаңда тамшылатып суғару үшін                   8,5 шақырым электр жүйесін жүргізуге бағытталған. Жобалық-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптама әзірленіп құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына  ұсынылып, аймақтық үйлестіру кеңесінен қолдау алды, жобаның құны 80,2 млн. теңге.
2.  «Ырыс Бахыт» ЖШС-і былғары өнімдерді өндіру зауытына 0,785 шақырым газ жүйесін жүргізуге бағытталған.  Жобалық-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптама әзірленіп құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына ұсынылып, аймақтық үйлестіру кеңесінен қолдау алды,  жобаның құны 14,4 млн. теңге.
3.  «Ветро Инвест» ЖШС-і – жел электр энергиясын өндіру. Жоба Казкомерц Банктен 439,6 млн. теңгеге қолдау алды, құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына ұсынылып, аймақтық үйлестіру кеңесінен қолдау алды.
        - Ауыл шаруашылық аудан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда?
         - Ауданның экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы және ірі резервтерімен ерекшеленеді.
  Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарымен  346,8 млн. теңгенің өнімдері шығарылып, 0,1 пайызға артты.
Егін шаруашылығында 23150 га жерге жаздық арпа себілді. Қазіргі танда шаруашылықтармен 97,7 млн. теңгеге 27 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалар өз қаражаттарына алынды.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен 1340 тонна дизель отыны бөлінді.
Жыл басынан қосымша 923 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы  орнатылады. 
- Ауыл шаруашылығында ірі қараның етті бағыттағы тұқым табынын көбейтуге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы, ауылдағы мал өсіремін деген ағайынға мол мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында  қандай жұмыстар атқарылуда?
            - «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық даму бағдарламасын орындау мақсатында 2011 – 2014 жылдары   барлығы 2550 бас аналық сиыр және 119 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы  аясында  80 бас асыл тұқымды бұқа және 820 бас аналық сиыр сатып алуға жоспарланып отыр.
       Бүгінгі күнге «Гаухар» ШҚ -10,0 млн. тенгеге 56 аналық сиыр және 3 асыл тұқымды бұқа сатып алуға қаражатын алды.
          Сонымен қатар, «Алтын асық» бағдарламасы аясында 3000 бас аналық қой сатып алуға жоспарда.
          Бүгінгі күнге «Байжігіт» ШҚ  -4,5 млн. теңге несие алып 162 бас қой және 10 асыл тұқымды қошқар сатып алды және «Ақ ниет» ШҚ – 17,5 млн теңгеге 658 бас аналық қой және 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алуға құжаттарын рәсімдеуде.
            - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аудан көлемінде қалай атқарылуда?
  - «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Кенен ауылындағы К.Азербаев атындағы орталық саябақты қоршауға 7,7 млн. теңге, Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарына 41,5 млн. теңге және Шарбақты ауылдық клубына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3,8 млн. теңге қарастырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 111,0 млн. теңге мөлшерінде несие беру жоспарланған.
Үшінші бағыты бойынша - әлеуметтік жұмыс орындарын ашу үшін  3,9  млн. теңге қаралған.  Жоспар бойынша нысаналы топтағы 26 жұмыссызды жұмыспен қамту мақсатында, бүгінгі күні жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзелуде.
 - Білім беру саласы бойынша Қордай ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтсеңіз?     
         - Білім саласында  бойынша апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында ағымды жылы Қордай ауылындағы №6 ОМ және Қақпатас ауылындағы №30 ОМ орнына жаңа 300 және 250 орындық жалпы соммасы 1239,2 млн. теңгеге 2 мектеп құрылыстары жүргізілуде, мектептерді  іске қосуға 2015 жылдың тамыз айында жоспарлануда.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат аясында Масаншы ауылында балабақшанын құрылысына алғашқы рет ұлттық қордан 222,2 млн.теңге бөлінді.
Жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 4148 оқушы толығымен ыстық тамақпен  қамтылды. 
         - Денсаулық сақтау саласы бойынша Қордай ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтсеңіз?     
         - Аудандық орталық ауруханасының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 40,4 млн. теңге қарастырылды.
         Денсаулық сақтау саласында 2015 жылы Кенен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның және Отеген ауылындағы фельдшерлік акушерлік пунктінің шатырларың және жылу жүйесінің жөндеуі, сонымен қатар барлық дәрігерлік амбулаторияларда ағымды жөндеу қарастырылған.       
-         Әңгімеңізге рахмет!

Пікір: 0
Пікір қосу