Социалистік Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимова 100 жасқа толды

0 26

Ғасыр жасаған қарияны облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы барып  құттықтап, сый сияпат табыс етті. Кеудесіне «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. 

Қиын-қыстау заманда еңбек майданында шыңдалған  Мәрзия Ибрагимова Байзақ ауданындағы “Ұзынбұлақ” деген жерде дүниеге келген. Қант қызылшасын егіп, рекордтық жиын теріп, небәрі 30 жасында Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Алапат аштық пен сұрапыл соғыс жылдарын бастан өткізсе де қария әлі тың, жады мықты.

2 ұл, 3 қызынан тараған немере – шөберелерінің ортасында ақылшы болып отыр.  Бір ғасырдың биігін бағындырған Мәрзия ана алғаш болып мерей тойымен құттықтап келген облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.