Тәуелсіздіктің кепілі — білімді ұрпақ

0 1

ZHAMBYLNEWS — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданының жастары арасында «Тәуелсіздіктің кепілі — білімді ұрпақ» атты аймақтық пікірсайыс турнирі бастау алды.  Алғашқы аймақтық турнир Боралдай ауылдық округіне қарасты №18 М.Ғабдуллин орта мектебінде өткізілді.

Турнир барысында белсенді жастар талдамалы және сындарлы ойлау, білгірліктері мен шебер сөйлеу қабілеттерін көрсете білді.

Пікірсайыс нәтижесінде «Үздік спикер» номинациясы Мейірбек Айым және Ізетпек Әселге бұйырса, «Үздік төреші» номинациясы Шапай Сәбитке берілді. Жүлделі ІІІ орынды «Сұңқар» және «Ғабдуллин жастары» өзара бөліссе, ІІ орынды «Жалын» және І орынды «Респект» фракциялары жеңіп алды.

Турнир жеңімпаздарына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дипломдары мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.