Шу ауданында Президент Жолдауын насихаттау мақсатында семинар өтті

0 3

Бүгін Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Компания «Мар-Нур» ЖШС директоры Ғалия Әбітаеваның ұйымдастыруымен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» ҚР Президентінің Жолдауы» атты тақырыпта кең ауқымды семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, талдау және қолдау болып табылады.

Аталған семинарға аудан әкімінің орынбасары Серік Сәрсенбеков сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылылары, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және қоғам белсенділері қатысты.

— Бірінші кезекте Президент Жолдауын насихаттауға жан-жақты жұмылуымыз қажет. Осыған байланысты Жолдауды халыққа кеңінен насихаттау бойынша аудандық насихаттық топтар құрылып, өткізілетін іс-шаралардың желілілк кесетсі бекітілді. Осыған орай құрылған ақпараттық топтар аудан аумағында әр сала бойынша кездесулер өткізіп насихат жұмыстарын жүргізуде – деді Серік Жұмалыұлы.

«Президент Жолдауы тұрақтылықты одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Өйткені онда Қазақстандықтардың өміріндегі ең өзекті мәселелер мен проблемалары көтерілген» – дейді пікір білдіруші сарапшылар.

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін 5 негізгі бастама көрсетілген. Осыған орай мемлекет басшысы 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін қолдайтынын білдірді жинға қатысушылар.

Семинар соңында ЖШС-тің тарапынан іс-шараға қатысушыларға «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы» — атты тақырыпта түсіндіру, дәріптеу, насихаттау бағытында кең ауқымды оқыту семинарының бағдарламасын нәтижелі аяқтағанын куәландыратын сертификаттар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.