Мойынқұмда тары ору жұмыстары аяқталуда

0 15

ZHAMBYLNEWS — Мойынқұм ауданының Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков ауылдары жесең тойымды, денсаулыққа ерекше пайдасы көп тары дақылын өсірумен айналысады. Бұл ауылдарда негізінен «қызыл тары» деп аталатын түрін өсіреді. Тарыны дайындаудың өзі бір басқа болса, оның жинау жұмыстары одан бетер. Биыл Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтері аталған дақылды көптеп еккен болатын. Қазіргі таңда пайдалы дақылды ору жұмыстарын аяқтап қалды.

— Біздің шарауақожалық 11 га жерді тиімді пайдаланып, оған ауыл диқандарымен бірігіп тары дақылын екен болатынбыз.Ал маған тиесілі жер 3 га. Міне жаздай еңбегіміздің жемісін көретін күнде жақындап қалды.Қазір біз қырманға әкеліп дәнін түсіріп жатырмыз. Биыл егін суының кеш келуіне байланысты сәл кешеуілдеп қалдық. Енді тарының түсімі жаман емес 100-120 қап шамамен 2,5 тонна аламыз деп отырмыз, — дейді «Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірбек Шынжарбеков.

Аудан байынша былтыр 5074 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі егіліпті, биыл 5662 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары көп жылдық жоңышқалар егілген. Ал Қызылтал ауылдық округі бойынша 1254 га алқап игеріліп, оған 45 га арпа, 300 га жүгері, 300 га тары, 20 га күн бағыс, 20 га картоп, 30 га көкөніс және 80 га жерге бақша дақылдары егіліген. Күшаман ауылының өзінде 324 гектар жерге жүгері, 100 гектар жерге тары еліген.

Тары дақылының құндылығын айтар болсақ, тары сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің құнарлығы артады, дәнінен спирт жасалса,сабағынан қағаз шығаруға болады. Ал медицинада да емдік қасиеті бары дәлелденген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.