Шу ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда

0 8

ZHAMBYLNEWS — Өткен жылдан бері өңірімізде облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен сәтті жүзеге асып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы Шу ауданында қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін жоба аясында Бірлікүстем ауылдық округі тағы бір түтінге көбейіп, бір отбасы баспаналы болды.

Салтанатты рәсім барысында ауылда бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстау үшін аудан әкімінің орынбасары Серік Сәрсенбеков арнайы барып, осындай игі іске ат салысқан барша қауымға алғысын білдіріп, кілтін табыс етті. Сонымен қатар, осы игі істің басы қасында болып демеушілік көрсеткен абзал азаматтарды аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін ауданда 7 үй табыс етілді. Жыл соңына дейін 10 ауылдық округте тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар және жалғызбасты аналар, асыраушысынан айырылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.