Сарысу ауданының әкімі қазыналы қарттармен кездесті

0 4

1 қазан – Халықаралық қарттар күні.  Аталмыш мереке Сарысу ауданында биылғы жылы ерекше аталып өтті. Осыған орай аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы аудандағы 45 мың халықтың төрт жарымын құрап отырған қарттар легінің бір тобымен  кездесті,   — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі. 

Аудан бойынша жиырма шақты әр ауылдағы ардагерлер кеңесінің ұсынысымен реттелген зиялыларды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмәділдаев өзі бастап мұсылманның екінші Меккесі аталған қасиетті Түркістан шаһарының көрікті әрі әулиелі нысандарын аралатып Ұлыларға дұға жасатып қайтты.

Арасында Жаңатаста өткен қарттар мен жастардың түрлі іс шараларында болып, марапаттарымен демеді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмәділдаев аудан зиялылары мен қарттары Президенттің Жолдауымен танысқаннан кейін өздерінің үлестерін қосуға бет бұрғанын барлық 25 елді мекендерде өздерінің сайлау жиналыстарынан бері жаңаша қозғалысты қолға алғандарын тілге тиек етті.

Сондай ақ пікірлесу үстінда ауданның өсіп өркендеуіне үлес қосқан бүгінде  ақсақалдар мен апалар атап айтқанда  Басие, Байтуған ,Жұмашбек, Алтын, Мағия, Серік, Шынайдар есімді ардагерлер келісті кездесудегі өрісті сұбхатқа ризашылықтарын білдіріп өмірлік тәжирибелерін ортаға салды.

Қатысқандар мерекелік құттықтаулары мен қомақты сыйлықтарына ризашылық алғыстарын айтты.

Ауданның күміс көмей, жез таңдай әншілері, кеше ғана қазақтың бір туар өнер зерттеушісі, сазгер Илья Жақановтың 85 жасқа толу құрметіне арналған ән кешінде Илья әндерін   қарттарға арнап шырқады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.