Сарысу ауданында денсаулық саласының ардагерлері ардақталды

0 2

1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде  Сарысу ауданында денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар жұмыс жасап, бүгінгі күнде зейнетке шыққан медицина қызметкерлеріне қошемет көрсетілді ,   — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Ұйымдастырылған кездесуде медицина қызметкерлері өткен еңбек жолдарын еске түсіріп, қуанышты лебіздерін білдіріп, қонақ болды.

Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқалып, игі тілектер айтылды.

Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы  Әлия Абдуллақызы мен кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Айткул Рысбекқызы қазыналы  қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, ардагерлермен қатар, 50 және 60 жас мерей той иелерін де алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.