Сарысу ауданында ұстаздар ұлықталды

0 8

Сарысу ауданында ұстаздар ұлықталды. Салтанатты жиынға Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев  қатысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қан­­шалықты маңызды рөл атқа­ратындығын тілге тиек етті.

— «Бүгін біздің еліміз үшін айрықша мереке, ерекше мейрам. Өйткені балаларымыздың, жарқын болашағымыздың, бір сөз­бен айтқанда, тұтас Қазақ­станның тағдырына жауапты жандардың еңбегі еленетін күн. Білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпа­ғын тәрбиелеп жүрген әрбір педа­гогке халықтың айтар алғысы ұшан-теңіз. Сіздер ұлы қызметтің тұтқасын ұстаған, маңызды мамандыққа маңдай тер төгіп жүрген жансыздар. Елдің ертеңі үшін енгізіліп жат­­қан түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіруде сіздердің үлестеріңіз мол. Ал­дағы күндеріңізге сәттілік пен қайрат тілеймін», — деді аудан әкімі.

Ақ тілек-құттықтаулар ыстық ықыластың барлығы да бұл күні ұстаздар қауымының құрметіне арналды. Бірқатар ұстаздарды марапаттап, алғыс хаттар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.