Сарысу ауданының әкімі қарияларға құрмет көрсетті

0 7

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қарияларды бастаған топ, аудандағы бірқатар қарттардың үйлеріне кіріп, сый- сияпат жасады. Сондай-ақ, арнайы кездесулер өткізіп, кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа баулып, отансүйгіштік қасиетті сіңіруге үндеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мәселен, осындай Сарысулық қария Қайшыбек Мәдібеков Бисенбекұлын айтуға болады.

Еңбек адамын құрметтеп, насихаттау мақсатында Қайшыбек Бейсенбекұлының өнегелі өмір жолына тоқтала кеткеніміз жөн болар.

Қ.Бейсенбекұлы – 1957 жылдың 17 мамырында Ақтоғай ауылында дүниеге келген.

1973 жылы «Сарысу» орта мектебін бітірген.

1973-1999 жылдары аралығында Жаңатас совхозында темір ұстасының көмекшісі, жүргізуші, гараж меңгерушісі, ақ егіс бригадасының бригадирі, бас инженер болып еңбек еткен.

1999-2002 жылдары Ақтоғай серіктестігінің төрағасы, 2002 жылдан бастап «Ақтоғай» шаруа қожалығының төрағасы.

Лизингке 2 дана МТЗ-80 тракторын алып жұмыс жүргізуде.

Осы уақыт ішінде озат көрсеткіштері үшін бірнеше медальдар мен мақтау грамоталарымен марапатталған.

Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Биыл да Сарысулықтар осындай қазыналы қариялардан құрметті аяған жоқ.

Осындай кездесу еңбекпен өмірі өрілген, ауданға еңбегі сіңген Құрметті азамат Қайшыбек Мәдібек қарияның үйіне барып, арнайы мерекемен құттықтап шықты.

Кездесуде аудан әкімі аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе қарияларға сіздердің арқаларыңызда, біз еңбекке, ізеттілікке, инабаттылыққа, тәрбие алдық.

Тәуелсіздік алған алғашқы кездегі еткен еңбектеріңіз орасан қашанда Елбасының салихалы саясатын қолдап жүресіздер.

Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілеймін,-деді.

Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары –ұрпаққа ұлағат.

Осындай ұрпаққа берері бар, перзенттерін оқытып,өз орындарын табуға жол сілтеп,тәрбиелеген асыл әке, ардақты ата, құрметті азамат, еңбекқор қария аудан басшысына алғысын білдіріп, жастарды ауылға келіп еңбек етуге, сапалы білім алуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.