Қазақстанда күн күрт суытады және қатты жаңбыр жауады

0 0

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде фронталь ауа райы әсерінен жаңбыр жауады. Солтүстікте найзағай ойнап,  қатты нөсер болады. Тек Оңтүстік облыстарында күн құрғақ болады.

«8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында минус 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, Солтүстікте және Орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, Шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған».

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.