Мойынқұм ауданында «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты әдеби әуенді кеші өтті

0 1

Мойынқұм ауылы, Мойынқұм орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шу аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты әдеби әуенді кеші өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған кешке Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары  Мақтақыз Зиятбекқызы, Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Әсел Сәрсенқұлқызы мен кітапханашылар және мектеп оқышылары қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл» кинофильмінен құралған көрініс көрсетіліп, «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

Кеш соңында Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жазықбаева сөз сөйлеп, белсене ат салысқан оқырмандарды марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.