Жамбыл облыс тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жоба не берді?

0 0

Жоба басталғанға дейін ол округтерде 1615 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, бүгінде олардың саны 1058-ге қысқарып, 65 пайызға кеміген. Жұмыссыздар саны 528 адамнан 334-ке дейін азайған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыс тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобаның өңірімізде жүзеге асырылып жатқанына екі жыл болды. Жобаның бес бағыты бойынша 8,4 миллиард теңге несие таратылып, тиісті қаржы толық игерілді.

Бұл қаражаттың 7,2 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-ы арқылы 2,5 пайыз жеңілдікпен 2489 адамға таратылды. Облыстық бюджеттен «Тараз» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауыл шаруашылығы техникаларына 1,2 миллиард теңге несие 5 пайыздық жеңілдікпен берілді.

Бұл жобаға облысымыздың 10 ауданнан 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекен қатысты. Жалпы жобаға 2478 тұрғын қатысып, аталған округтерде 11 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды.

Облыс тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жоба не берді? Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Қайрат Аманов «Қанатқақты жобаның аясында 2282 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді» дейді. Осылайша жұмыс таппай жүрген жұмыссыздар өз-өздерін жұмыспен қамтыған. Жалпы жобаға енген округтердегі жеке кәсіпкерлер саны бүгінгі таңда 3248-ке жеткен.

Бұдан бөлек, 589 жұмыс орыны ашылған. Жоба басталғанға дейін ол округтерде 1615 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, бүгінде олардың саны 1058-ге қысқарып, 65 пайызға кеміген. Жұмыссыздар саны 528 адамнан 334-ке дейін азайған. Ал жобаға қатысушылардың орташа табыс көлемі, 73 мың теңгені құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.