Адалдық сағатында: Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев

0 70

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп әзірлеген кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаевқа арналды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақ халқының ардақты ұлы, заңғар жазушы, аңыз адам Әбіш Кекілбаев ұлттың руханиятында өшпес із қалдырған ерекше тұлға. Бала кезінен әдебиет пен өнерге ұмтылған Әбіш сөз зергерлігімен қоғамның рухани өмірі байытты. Тектінің ұрпағы әрқашан парасат пен абыройдың биігінде болды.

Жастайынан өз заманының шындығын сыни мақалалар мен очерктерде бейнелеген Әбіш әлемі – философиялық толғамдарға толы. Ол әр кейіпкерінің бейнесін асқан шеберлікпен суреттеді. Кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен өмірі арқылы адам бойындағы сезімді қара сөз құдіретімен жеткізді.

Шығармашылығы арқылы ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың үлгі-өнегесін танытты. Азамат ретінде замандастары мен қаламдастарына, достары мен оқырмандарына адалдықтық өлшемін көрсетті.

Саналы ғұмырын елі мен жеріне арнаған Әбіш жаңа мемлекет тұсында маңызды қызметтерді абыроймен атқарды. Оның ұлт мүддесі үшін еткен еңбегі мен жанашырлығы жазушыны парасат биігіне жеткізді.

Әбіштің ұлттық құндылықтар мен мүддені алға қойып, қайсар рухты, өр мінезді дәріптейтін тарихи шығармалары мен көркем әдебиеті ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде зор маңызға ие.

Осы бейне-дәріс арқылы көрген Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен азаматтық ұстанымдары, еңбексүйгіштігі, елі үшін атқарған қызметі жастарды адал, әділ, отансүйгіш әрі ұлтжанды болуға үндейді деп сенеміз.

Бейне-дәріске сілтеме:  https://www.youtube.com/watch?v=57gZim3nx1Y&t=49s

Leave A Reply

Your email address will not be published.