«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» облыстық эссе конкурсы ұйымдастырылды

0 62

«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек»  облыстық эссе конкурсы ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық эссе жазу конкурсын ұйымдастырды.
Конкурсқа 10 ауданнан және Тараз қаласынан барлығы 30-дан астам жұмыс келіп түсті. Эссе жұмыстарын жазу барысында комиссия мүшелері жұмыстардың мазмұнына, мемлекеттік қызметті дамытудың жолдары, сөздік қорына, тәрбиелік мәніне, орфографикасына, жазу стиліне назар аударды.

Конкурсқа қатысушылар өз тарапынан мемлекеттік қызметті таңдау себептері, өз елінің дамуына қосатын үлесін жазып, алдағы уақытта аталған саланы дамытудың тың тәсілдері, қоғамда адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау, парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.