Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бойынша 189 ұсыным енгізілді

0 0

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бойынша Департамент 8 мемлекеттік органға талдау жүргізді. Бұл туралы Антикор орталығында өткен брифингте Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қайрат Байгебаев мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Нәтижесінде мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде 189 ұсыным енгізіліп, оның 104 орындалды,»- деді Қайрат Оразбекұлы.

Сонымен бірге, сыртқы талдаудың нәтижесінде енгізілген ұсынымдар бойынша 1 заңды тұлғаға 875 мың теңге көлемінде, 2 жеке тұлғаға 306 мың теңге көлемінде уәкілетті органдармен әкімшілік айыппұл салынған.

Енгізілген ұсынымдардың негізінде заңсыз төленген 437 мың теңге көлеміндегі қаражат бюджетке кері қайтарылған.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары барысында мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мен нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсаты бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.