Мен сендерді мақтан етемін,жерлестерім!

0 24

Тәуелсіз еліміздің болашағы жастар сендерсіңдер!
Қазір XXI ғасыр, Алаштың жарық жұлдызы М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»деп XIX ғасырдың басында айтса,менде сендерге сенемін…
Бұл індет қазақ халқының қаймағын сылып алып кетуде. Қимастай небір асылдарымыз дүниеден өтуде…

Қолдан келер шара бар ма? Алла, алдынан жарылқасын!
Дәл осындай қиын кезеңде, Сарысулықтар мен жастарымыздың ерікті ретінде белсенділік танытқандарына ризамын,айналайындар! Алла, сендерге разы болсын!
Қайырымдылық істер туралы аудан жаңалықтарын оқып, қуанып отырамын.
Бұл ата-бабаларыңның асыл ісі… Халқымыздың басына түскен ауыртпалықты бірігіп жеңейік!..

Жақындарымызға осындайда жанашырлық танытып,көмек қолын соза білейік,ағайын!..
Алла,істеріңді оңғарып,сәтін салғай!..
«Көп түкірсе, көл болар» деген…
Мен сендерді мақтан етемін,жерлестерім!

Бергентай Нұрмаханов, жазушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.