Сарысу ауданының әкімі аудан орталығындағы дәріханаларды аралап шықты

0 0

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан орталығындағы дәріханаларды аралап шықты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан басшысы бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектің дәріханаларда болуына көз жеткізді.

Әрбір дәріханаға арнайы барған аудан әкімі дәріхана меңгерушілерімен және фармацевт мамандармен сөйлесіп, жұқпалы індетке байланысты қажетті дәрінің мүмкіндігінше болуын атап көрсетті.

Қазіргідей жағдайда дәріханалар тұрғындар сұранысын қамтамасыз ету қажет. Инфекцияға қатысты дәрі-дәрмек тұрақты жеткізіліп, қауіпті індеттің алдын алуға бар күш-жігерді жұмсағанымыз жөн. Сондай-ақ карантиндік талаптарға сәйкес дәріханаларда тұрғындар арақашықтықты сақтауы тиіс. Жалпы ауданда дәрі тапшылығын болдырмау үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет, – деді аудан басшысы.

Аудан орталығындағы дәріхана иелері бүгінде дәрі іздеген тұрғындар саябырсығанын жеткізді.

Дәріханаларды аралау барысында М.Сұлтанғалиев дәрі-дәрмек шекті бағадан қымбат сатылмауын ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.