Туризм басқармасының басшысы «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді

0 4

2021 жылдың 25 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Мұртаза Жалғас Алижанұлы «AntikorLive» жобасы аясында «Туризм саласының экономикалық даму қарқыны» тақырыбында сұхбат берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сұхбат барысында Жамбыл облысының экономикасында туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екендігі және туризм саласының экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристер легін тарту үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілетіндігі жайында айтылды. Сонымен қатар, бөлінген бюджетті аясында атқарылған жұмыстардың есебі мен келесі жылы атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Сонымен қатар, мекемеде және мекемеге бағынысты орталықта жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, қызметкерлер арасында адалдық, әділдік қағидаттарын насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіні айтылды.

Түркі әлемінен мұра болып қалған тарихи-мәдени құндылықтар, ескіліктің ғажайып ескерткіштері, қала құрылысындағы болып жатқан заманауи өзгерістер, шығыс стилінде салынған тарихи және танымдық нысандар, қасбеттері түрлі түсті керамикалық өрнектермен әшекейлендірілген сәулеттің тамаша өнері өңірімізге көптеп келіп жатқан туристерді тамсандырып, киелі өлкеміздің беделін арттыруға қолайлы жағдай жасап отыр.
Орасан зор туристік әлеуеті бар, тасын түртсе тарихы көрінетін Тараз шаһары «Қазақстандағы тарихи туризм орталығы» мәртебесіне жету жолында жүейлі жұмыстар атқарылуда.

Сұхбат барысында өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен сұрақтарға спикер тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.