Арубаев екі жылда 7 ауылға ауызсу, 10 ауылға газ құбырын жеткізді

0 0

Жамбыл ауданына 2020-2021 жылдары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 7 ауылға ауызсу, 10 ауылға табиғи отын жеткіздік. Бағдарлама шеңберінде ауданға 2020 жылы 5,5 млрд теңге бөлініп, 42 жоба (96 нысан) іске асырылды. Оның 4,5 млрд теңгесі 15 жаңа құрылысқа, 753,9 млн теңге 15 нысанның орта, 206,1 млн теңге 12 нысанның ағымды жөнделуіне жұмсалды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жобалардың мемлекеттік сатып алу шарттарын қайта қарау барысында 142 миллион теңге үнемдеп, ол қаражатты тиімді пайдалану үшін облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қосымша 30 жобаның құжаттарын жолдадық. Бүгінгі таңда тиісті жобалар бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Аталмыш бағдарлама аясында сол жылы 1841 жаңа жұмыс орны ашылып, 1000-ға жуық азамат аудан әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданды.

Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Бәйтерек, Қаратау ауылдарын сапалы ауызсумен қамту үшін 2,6 млрд теңге қаралып, 1863 аула, 10600 тұрғын тіршілік нәріне қол жеткізді. 29 елді мекенде 12604 ауладағы 70367 адам ауызсумен қамтылған. Бұл дегеніміз өңірдегі ауланың 80%-ы, халықтың 82%-ы сапалы ауызсу тұтынып отыр. Өткен жылы бағдарлама шеңберінде Қаракемер, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ ауылдарын «көгілдір отынмен» қамту үшін 725,2 млн теңге бөлініп, 6299 тұрғынның 926 ауласына газ құбыры тартылды.

Нәтижесінде, газ құбыры тартылған мекендер саны 32-ге, қамтылған аула саны 12388 бірлікке, яғни 78923 адамға жетті. Сондай-ақ Аса ауылында 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер иелеріне кілттерін табыс етті. 2020 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл ауылында Жамбыл атындағы орта мектептің құрылысы аяқталды.

100 орындық білім ордасына бағдарлама шеңберінде 444,5 млн теңге бөлінді. Жасөркен ауылынан контрабандалық малдарды уақытша ұстау орнының құрылысына 33,2 млн теңге, «БАМ» су қоймасын қалпына келтіруге 11 млн теңге, Ш.Ниязбеков ауылынан ашық футбол алаңын салуға 21,7 млн теңге, Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш ауылдарындағы 7 каналды механикалық тазалау жұмыстарына 34,6 млн теңге қаралса, Өрнек ауылының Бекбенбет және Медер көшелерін толықтай жарықтандыруға 18,4 млн теңге аударылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.