Жаңатаста жаңа демалыс орны ашылды

0 12

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында Жаңатас қаласында «Мәдениет» сквері, демалыс орны салтанатты түрде ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты жиында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев:

— Тәуелсіздігіміздің аясында ауданымыз күннен — күнге гүлденіп, көркейіп келеді.

Оған атсалысып, әрбір жасалынып жатқан игілікті истің қасында жүрген азаматтарымызға алғысымыз шексіз.

Бүгінгі ашылған «Мәдениет» сквері өз сәнімен қаламыздың көркін кіргізіп, тағы да көңілімізді қуантып тұрғаны анық.

Еліміздің өркендеу жолындағы игілікті істеріміз қарқындап, ауданымыздың өркениет жолындағы мәртебесі арта берсін ағайын!,-дей келе қаламыздың көркін келтіріп,үлкен істер атқарып жатқан құрылысшыларға, игі істер басында жүрген азаматтарға, сонымен қатар жеке кәсіпкер Рыспанов Ғани мырзаға алғысын білдірді.

Содан соң, Жаңатас қалалық ардагерлер төрағасы Жұмәлі Орынбаев аудан тұрғындарын құттықтап, қалалықтар қуанышымен ортақтасты.

Салтанатты түрде демалыс орнының лентасы қиылып, ақсақалдар ақ батасын беріп, шашу шашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.