Комплаенс қызметінің қажеттілігі

0 1

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 101 квазимемлекеттік сектор субъектісінде адалдық стандарттарының сақталуына бақылау жасайтын комплаенс қызметтері ашылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали айтты.

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және еңбек ұжымдары арасында жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатқан департамент комплаенс қызметінің маңыздылығы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарымен де айналысып келеді. Атап айтсақ, облыстағы түрлі салаға қатысты мамандармен 52 мекемеге комплаенс қызметінің артықшылықтары түсіндіріліп, семинарлар өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда өркениетті мәдениет қалыптастыруға ықпал етуге «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз», «Ақтау теңіз сауда порты» сияқты ірі компаниялар да атсалысып, комплаенс бағдарламасына қолдау білдіріп отыр,» деді брифингте Қуаныш Мырзағали.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы — ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Былайша айтқанда, аталған қызмет адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.