Талас ауданында индустриалды аймақ құрылуда

0 7

Талас ауданында жаңадан индустриалды аймақ құрылуда. Онда қазір аграрлық жәіне өзге де салалар бойынша жобалалр шоғырландырылмақ , — деп хабарлайды  «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Қаратау қаласының шығыс бетінде орналасқан аймақтың жалпы көлемі 40 гектарды құрайды. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Талас ауданы әкімдігінің «Игілік көпсалалы кәсіпорыны» коммуналдық кәсіпорнының басқаруына берілген.

Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.

Қазіргі таңда, 40 гектар жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде.

Сондай-ақ, Қаратау қаласының шығыс бетінде екінші индустриялды аймақ орналасқан. Жобаларды жүзеге асыру үшін көлік жолы, темір жол, автомобиль тас жолы жақын. Сонымен қатар, ірі кәсіпорын – «Каратау Про»ЖШС индустриялық аймаққа инфрақұрылым тартуға ыңғайлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.