Этномәдени бірлестіктер: тарихы мен бүгіні

0 24

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1990 жылдың басында барлық этномәдени орталықтарды бір ұйымға Қазақстан халқы ассамблеясына біріктіру идеясын жария етті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылдың сәуір айында құрылды. Оның құрамына этникалық және мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, зиялы қауым және т.б. өкілдері кіреді.

1995 жылы барлығы 9 этномәдени бірлестік болса бүгінгі күні облыста барлығы 73 этномәдени бірлестік оның 26 облыстық, 47 аудан орталығында орналасқан. Олар облыс аумағында белсенді азаматтар арасында патриоттық сезімді, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуда жұмыстар атқаруда.

Бүгінде Қазақстанда әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасын алып отырған этносаралық келісімнің өзіндік моделі орнықты. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, этностардың өзара қарым-қатынасы,  мәде­ниеті бір-бірімен тату-тәтті тұруына, тиімді байланыстар орнатуына ықпал етіп, достық пен рухани жақын­дығына ұласып отыр. «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асуда.

Қазақ халқы толеранттылығының тарихи қырлары және өскелең ұрпаққа еліміздегі этносаралық қатынастар үлгісінде патриоттық, адамгершілік тәрбие беру этномәдени бірлестіктің негізі мақсаты болып табылады.

Өркен Тамшыбай,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.