Аналар кеңесі – ұлағат мектебі

0 6

Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мұрындық болуымен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Елбасы Н.Назарбаев, Президентіміз Қ.Тоқаев отбасы құндылығы туралы талай мәрте тоқталып, оны нығайту жөнінде тапсырмалар берді. Бұл кеңестің құрылуы  Елбасы саясатын жүзеге асыруға, ондағы айтылған тапсырманы тындырымды атқаруға, мемлекет тағдырына тың серпін береді деп сенемін. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде Аналар кеңесі жұмыс атқаруда.

Бүгінде аналарымыз елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға, мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отырғандығы көңіл қуантады.

Ал, отбасы құндылығы әр шаңырақтың қазынасы болуы керек. Саралай қарасаңыз, отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл жағдайларды Аналар кеңесінің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Бала тәрбиесін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында жүзеге асыру екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз. Өйткені, біз болашақ отбасын бала күнінен тәрбиелеуіміз керек.

Аналар кеңесі — келешек ұрпақты тәрбиелейтін, оң жолға бағыттайтын, келешек кірпішін қалайтын, жарқын өмірдің кепілі болуға үндейді. Аналар кеңесі – ұлағат мектебі. Әр істі шын ниетіңмен бастасаң, аяғында өз жемісін берері сөзсіз.

Назира Алтауева,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.