Мойынқұм ауданында Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

0 15

Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай «Желтоқсан» клубындағы Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Округ әкімі және округке қарасты мекеме басшыларының ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен басталып, іс-шара барысында Желтоқсан құрбандарын бір минут еске алып, метроном ойналды және ауыл имамы С.Смайлов елі үшін отқа түскен азаматтардың рухына арнап құран бағыштады.

Округ әкімі Қ.Оспановқа және «Ардагерлер кеңесінің» төрайымы Р.Жетібаеваға құттықтау сөз берілді. Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің оқушылары Желтоқсан құрбандарына арнап әдеби өлең шумақтарын жатқа оқыды. Іс-шараға округке қарасты барлық мекемелер, ауыл тұрғындары және жастары белсене ат салысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.