Мойынқұмдық 99 азамат биыл «Еңбек» бағдарламасымен кәсіп бастауға несие алған

0 1

Мойынқұмдық 99 азамат биыл «Еңбек» бағдарламасымен кәсіп бастауға несие алған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді.
Қаңтар-қараша айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 585,7 млн. теңге қаржы берілді.

Оның ішінде: «Еңбек» бағдарламасы аясында 18 адам 97,6 млн. теңге шағын несие алды. 99 азаматқа 57,7 млн. теңгеге өз кәсібін бастауға қайтарымсыз грант берілді.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 31 кәсіпкерлік субъектілері 430,4 млн. теңге несие алды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 5-жобаның құжаттамалары жинақталып, Аграрлық несие корпорациясына және екінші деңгейлі банктерге ұсынылды. Алайда несие алушы азаматтардың кепілге қойған мүліктерінің талапқа сәйкес келмеуіне байланысты құжаттары кері қайтарылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.