Елді-мекендердегі мәдениет үйлері «Ауыл-ел бесігі» жобасымен қайта жаңғыртылуда

0 6

Мойынқұм ауданында мәдениет саласында да көңілге қонымды жұмыстар баршылық. Тоқырау жылдары қара құлып ілінген ауылдардағы мәдени ошақтардың есігі бүгінде айқара ашық. Аудан бойынша 18 клуб мекемесі жұмыс істеуде. Кітапханалар жүйесі де жыл өткен сайын жаңарып, кітап қоры көбеюде. Бүгінде қорында 268 311 кітабы бар 20 кітапхана жұмыс істейді.Елді-мекендердегі мәдениет үйлері «Ауыл-ел бесігі» жобасымен қайта жаңғыртылуда. Солардың бірі Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округінде орналасқан клуб , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Биылғы жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл ауылдық клубына күрделі жөндеуге 46,7 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталуға жақын.
Аудандық бюджеттен аудандық мәдениет үйінің қазандығын жөндеуден өткізуге 9,1 млн. теңге, Ақсүйек ауылдық клубын ағымдағы жөндеуге 11,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды.

Жалпы ауданда 39 мәдени ошақ бар. Оның 19- мәдениет үйлері мен клубтар, 20 — кітапхана.

Биназар, Мыңарал ауылдық клубтарының күрделі жөндеу жұмыстарына және Көкжелек ауылында 90 орындық клубтың құрылысына ЖСҚ толығымен дайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.