Мен вакцина салдырдым

0 10

Мен Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылының тұрғыны, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Тұрмағанбет Ерден елімізде болып жатқан індеттен сақтану мақсатында ата — анамның рұқсатымен бүгін  Pfizer вакцинасын салдырдым.

Емханаға келгенде  дәрігерлер қабылдап, денсаулық жағдайымды  тексерді. Екпе салғаннан кейін өзімді әдеттегідей қалыпты жағдайда сезіндім.

Вакцинациялаудан өту арқылы жақындарымыздың өміріне, олардың денсаулығына қалқан боламыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сақтық шараларын қатаң сақтап, баршаңызды ерікті түрде вакцина салдыруға шақырамын.

#Менвакцинасалдырдым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.