ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Тісті емдету енді арзан болады

Тісті емдету енді арзан болады


  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың күзіне қарай тегін медициналық көмек қарастырылмайтын салалардағы, соның ішінде тісті емдеу бағаларын реттейтін заң жобасын ұсынбақ.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіндегі БАҚ-пен бейресми кездесуінде мәлім етті деп хабарлады Tengrinews.kz.

Министр медициналық қызметтерді арзандату үшін не жасалып жатқанын баяндады.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бізге тегін медициналық көмек қарастырылмайтын салалардағы бағаны реттеуді тапсырды. Біз қарастырған бірқатар мәселелер бар, енді ол бизнес өкілдерімен ақылдасуымыз керек, жоба күзге қарай әзір болып қалады.Ол жоба көптеген медициналық қызмет бағасының арзандауына ықпал етеді», — деді министр.

Пікір: 0
Пікір қосу