ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Батыс Қазақстанда екі адам үсіп өлді

Батыс Қазақстанда екі адам үсіп өлді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында жоғалып кеткен әйел мен ер адамның мүрдесі табылды.

Бұл туралы Хабар-24-ке сілтеме жасап kaz.365info.kz хабарлады.

Қайтыс болған 36 жастағы Наиль Валиев пен 44 жастағы Салықова Әлия аудан орталығынан 14 шақырым жердегі шаруа қожалығына тиесілі «Үркіш» деген қыстақта жалданып жұмыс істеп жүрген.

Ақпанның 14-і күні таңғы сағат 09:00 шамасында екеуі Қаратөбеден қыстаққа қарай жаяу шығып кетеді. Туыстарының айтуынша, олардың ұялы телефондары сол күні кештен бастап сөндірулі болған. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жұмағалиевтің хабарлауынша, марқұмдарды іздеуге полиция мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары жұмылдырылған.

Екі трактор, КамАЗ және УАЗ көліктері жоғалғандарды дамылсыз іздеді. Қосымша көмекке Оралдан да құтқарушылар тартылды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең олардың мүрделері қыстақтан 4 шақырымдай жерден кинологтардың көмегімен табылды. Қазір олардың денелері сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін облыс орталығына жіберілді. Қыс мінезі өте құбылмалы.

«Сондықтан, тұрғындар сақтық шараларын мықтап ескергені жөн дейді», — мамандар.

Пікір: 0
Пікір қосу