ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Тінтуірдің көпшілікке белгісіз пайдалы функциялары

Тінтуірдің көпшілікке белгісіз пайдалы функциялары

Тінтуірсіз жұмыс істесеңіз, уақыттан ұтылатындығыңызды бұрын да аңғарған шығарсыз. Оның қарпайым қызметтерінен бөлек, көпшілік біле бермейтін "құпиялары" да бар. Бүгінгі материал жұмысыңызды барынша оңтайландыруға арналмақ, - деп жазды szh.kz.

 

Тінтуір, компьютер

Мәтіннің қажетті бөлігін белгілеу

Барлығымыз мәтіннің қажетті бөлігін белгілеу үшін, мәтіннің басынан соңына дейін тінтуірмен жүргізіп шығу керек екендігін білеміз. Алайда бұл әрекет үлкен мәтіндерді белгілеу кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда мына комбинацияны пайдаланыңыз: Shift-ты басып тұрып, белгілеу керек тұстың басынан тінтуірмен бір рет және соңынан екінші рет шертіңіз. Қажетті текст осылайша оп-оңай екі шертпемен белгіленеді.

Көлемді үлкейту-кішірейту

Ашылған беттің көлемін үлкейтіп-кішірейтудің оңай тәсілі мынадай: CTRL-ды басып тұрып, тінтуірдің дөңгелегін айналдырыңыз. Бұл комбинация әсіресе кескін, суреттермен жұмыс істегенде тиімді.

(Сондай-ақ сайтымызда бұрын жарияланған “Уақытыңызды үнемдейтін тиімді клавиштер” материалын оқуға да кеңес береміз.)

Екі немесе үш рет шерту

Бір сөзді белгілеу үшін сол сөзі екі рет шерту керек екендігін көпшілігі біледі. Ал егер үш рет шертер болсаңыз, мәтіннің толық бір абзацын белгілей аласыз. Курсормен абзацтың басынан аяғына дейін белгілеп отырмай, үш шертпемен уақытыңызды үнемдеңіз.

Сілтемені жаңа бетте ашу

Браузерде қажетті сілтемені жаңа бетте ашу үшін CTRL клавишін басып тұрып, сілтеменің үстінен бір рет шертіңіз.

Төменге немесе жоғарыға оңай сырғыту

Көпшілігі тінтуірдің дөңгелегін тек айналдырып қана қолданады. Оның кнопка ретінде басып көрдіңіз бе? Егер дөңгелектің үстінен басып, төменге немесе жоғарыға бір рет түсірсеңіз, ол автоматты түрде беттің соңына яки басына дейін өзі сырғиды.

Пікір: 0
Пікір қосу