ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » ЖОО-лар жол кептелісін азайту үшін сабақ уақытын өзгертті

ЖОО-лар жол кептелісін азайту үшін сабақ уақытын өзгертті

Астананың жоғары оқу орындары көлік кептелісін азайту мақсатында оқу жылының аяталуы мен басталу мерзімдерін өзгертті. Дереккөз: Tengrinews.kz

ҰБТ студенттер

EXPO-2017 көрмесі қарсаңында Астанада көлік санын азайту мақсатында жоғарғы оқу орындары 2016-2017 жылғы оқу жылын аяқтау мен 2017-2018 жылғы оқу жылын бастау мерзімдерін өзгерту жоспарын дайындады. Осылайша, биылғы оқу жылы мамырдың 25-і аяқталады, ал оқу жылы қыркүйектің 10-ы басталады”, – деп жауап берді БҒМ-ның баспасөз қызметі.

Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерінің өзгеруі басқа қалаларға қатысты емес. 

Мұның алдында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы орта мектептерде де оқу жылының басталу мерзімі өзгеруі мүмкін екенін айтқан.

“Астананың Білім беру басқармасы алғашқы қоңырауды 1 қыркүйекте өткізіп, ал сабақтарды 12 қыркүйекте бастауды ұсынды”, – деп түсіндірді Эльмира Суханбердиева.

Еске сала кетейік, Астанада ЭКСПO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 шілдесі мен 9 қыркүйегі аралығында өтеді.

Пікір: 0
Пікір қосу