ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бастауыш кәсіпкерлерге грант беріледі

Бастауыш кәсіпкерлерге грант беріледі

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Астанада өз ісін ашуға мемлекеттік грант беру бойынша ашық конкурс жарияланды. Дереккөз: Naryk.kz

 

Байқауға кәсібін ашуға ниеттенген жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және 50 жастан адамдар қатыса алады. Бағымды сынаймын деушілер байқау құжаттарын 15 мамырдан 30 маусымға дейін жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін Бейбітшілік 11, 522 каб. тапсыра алады.

Толық ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21 бойынша білуге болады.

Өтініштер 2017 жылдың 30 маусымы сағат 17:30-ға дейін қабылданады. Байқауды өткізу уақыты өткеннен кейін келіп түскен өтініштер қабылданбайды.

Толығырақ Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтынан білуге болады.

Пікір: 0
Пікір қосу