ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » “16 қыз” фильмінің жалғасы шығады

“16 қыз” фильмінің жалғасы шығады

Өткен жылдың наурыз айында үлкен экранға жол тартқан «16» қыз картинасының кассалық табысы 80 миллионды құраған болатын. Қомақты қаржыға кенелген түсірілім тобы, енді комедияның жалғасын таспалауды бастады. Дереккөз: Baistars.kz

16 қыз

Бұл жайында НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Аша мен Беріктің, жаңағы Айжан мен Бауыржанның балалары өмірге келеді. Егіз баласы болады. 16 қызды солай аяқтап едік қой. Енді, бұйырса, кино тұсаукесерден басталады. Яғни, оқиға 1 жылдан кейін жалғасады деген сөз», – дейді фильмнің режиссер Қанағат Мұстафин.

Комедияның жалғасы «Ең сұлу қыз» деп аталады. Жоба авторлары режиссерға сценарийдің 8 нұсқасын жазып ұсынған. Қанағат Мұстафин өз кезегінде, фильм желісінде қазақы салт-дәстүр насихатталып, достық пен адалдық сынды адами қасиеттер суреттелетін сюжетті таңдаған. Комедия отандық көрерменге таңсық — роуд-муви жанрында таспалануда. «16 қыз» картинасында өмірлік жарын іздеген Бауыржан, енді Самат есімді досына қалыңдық тауып бермек. Бірақ, сүйгені тез жолыға қоймайды.

«Алматыға келіп… бірақ оларды, біздің басты кейіпкерлерімізді ұрылармен шатастырып алып, арттарынан полиция, мафия түседі. Бірақ олар ешқандай қылмыс істемей, өздері де білмей, сөмкелері ауысып кетеді. Сондай неше түрлі шытырман оқиғаға тап болады», – дейді режиссер.

Аталмыш комедия осы жылдың күзінде қалың көпшілікке ұсынылатын болады.

Пікір: 0
Пікір қосу