ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Кептеліс кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Кептеліс кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Ірі қалаларда кептеліске көндіккен жандар көптеп табылады. Алайда жұқарған жүйке, қанбаған ұйқы немесе зая кеткен уақыттың орнын ешкім толтыра алмас. Сол себепті кептеліс кезіндегі уақытты текке жұмсамауды әдетке айналдырған жөн. Қалай?, - дейді szh.kz сайты.

Көлік, жол кептелісі
Көрнекі сурет
  • Ашуланып алдыдағы машиналарды жолдан алып тастай алмайсыз. Сол себепті сабыр сақтаңыз. Одан да жақсы нәрселер туралы ойлаңыз. Мұндай кезде анти-стресс ойыншықтар (хендгам, жаңа заттың қаптамасы – ауа толы полиэтилен) көмекке келеді. Оларды автокөлігіңізге салып қоюды ұмытпаңыз.
  • Көзіңізге жаттығу жасаңыз. Мысалы, 5 рет оң және сол жақтан айналдырып, демалдырыңыз. Мұны бірнеше рет қайталаңыз.
  • Алма, банан немесе йогурт тәрізді пайдалы тағамдармен жүрек жалғап алыңыз. Әсіресе глюкозалы тағамдар адамның ашуын басады. Жол кептелісі жүйкеңізге шабуыл жасаса, осылайша қарымта қайтарып көріңіз.
  • Келбетіңізді жөнге келтіріңіз. Аяқ киіміңізді тазалаңыз немесе макияж, яки шаш үлгіңізді жақсартып алыңыз.
  • Автокөлік ішін тазартыңыз. 15-20 минут ішінде көлікті айнадай етіп жинап алуға болады. Шаңын сүртіп, жол дәрі қорабын тексеріп, қажетсіз заттарды жинастырыңыз.
  • Жоспарлаңыз. Күнделігіңізге бір қарап, алдағы уақытта орындалуы керек жоспарларыңызды жазсаңыз болады.
  • Жақындарыңызға хабарласыңыз. Алтын уақытыңызды текке жұмсамас үшін, туған-туыс, достарыңызға қоңырау шалыңыз. Динамикамен немесе құлаққаппен сөйлесу – желілерде хат жазысқаннан әлдеқайда тиімді әрі жолда қауіпті емес.
  • Ашық әңгіме. Егер автокөлікте отбасыңыздың мүшелері болса, “уақытым текке кетеді” деп ойламаңыз. Көлік ішінде болғандықтан, ешкім ешқайда “қашып” кете алмайды. Бұл да кей отбасылық мәселелерді кеңінен талқылауға, ара қатынасты жөнге келтіруге немесе бала тәрбиесіне таптырмас уақыт.
  • Шет тілін үйреніңіз. Тілді үйрену үшін әр күн сайын 1 сағат уақытты арнау керек. Мысалы, жарты сағат үйге дейін және жұмысқа дейін аудиокітаптар тыңдасаңыз болады.

Ал сіз көлік кептелісі кезінде қандай пайдалы іспен айналысасыз? Пікір қалдырсаңыз болады?

Пікір: 0
Пікір қосу