ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

 

Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман бақыланып, желдің күшеюі болжануда, республиканың солтүстігінде үсік сақталады6 деп хабарлайды «Қазгидромет»,- дейді Baq.kz.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.

Пікір: 0
Пікір қосу