ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » 19 мамырдағы ауа райына болжам

19 мамырдағы ауа райына болжам

Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Kazhydromet.kz.

Бұршақ ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман бақыланып, желдің күшеюі болжануда, республиканың солтүстігінде үсік сақталады

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.

Пікір: 0
Пікір қосу