ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасады. Назарларыңызға 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз. Дереккөз:Kazhydromet.kz

Ауа райы, күн ашық

Солтүстік және орталық облыстарда түнгі уақыттағы үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7…15°С болады деп күтілуде.

Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1…3º дейін төмендеп, ызғар болуы мүмкін.

Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжиды. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ, қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтілуде.

Пікір: 0
Пікір қосу