ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » ЭКСПО кезінде Астанаға күніне неше адам келеді?

ЭКСПО кезінде Астанаға күніне неше адам келеді?

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі кезінде келетін қонақтар санының мөлшерін айтты, - дейді szh.kz сайты.

 

Вице-министрдің айтуынша, Астанаға көрме кезінде 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар.

«Қазіргі болжамға сәйкес, теміржолмен шамамен 1 миллион 100 мың адам келсе, әуе қатынасымен 161 мың адам ұшып келеді. Автобуспен шамамен 350 мың адам келіп кетеді. Ал жеке көлікпен 200 мың адам қатынайды деген болжам бар. Жалпы, аталған үш көлік қатынасымен Астанаға күн сайын 20 мың адам келіп отырады», – деді Скляр.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта жолаушыларды көптеп өткізу үшін жаңа теміржол вокзалы, әуежайдың жаңа терминалы мен екі автовокзал ашылады.

«Көрме қонақтарының басым бөлігі теміржолмен келеді. Сол себепті маусым айына дейін маршруттардың 44-тен 58-ге дейін ұлғаяды. Ол үшін қосымша 14 жолаушылар пойызы іске қосылады. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған төрт пойыз бар. Бұдан бөлек, қазіргі пойыздарға қосымша 150 вагон тіркеледі. Осылайша, екі теміржол вокзалы күн сайын 47 мың жолаушыны қабылдай алады», – деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде автобустардың саны да екі есеге артатын болады.

Пікір: 0
Пікір қосу