ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қытайдан әкелінетін ең зиянды 10 азық-түлік

Қытайдан әкелінетін ең зиянды 10 азық-түлік

Қытай – өз асханасымен жақсы танымал. Сонымен қатар ол – әлем бойынша көптеген азық-түлік экспортталатын үлкен нарық. Ал сыртқа шығарылатын тағамдар қатарында денсаулыққа зияндары да бар, деп жазады bilim-all.kz Дереккөз: Bilim-all.kz

Азық түлік

1.Жұмыртқа.

Бұл өнім калия, альгинді қышқыл, желатин, кальций хлориді және судан жасалады. Сеніңіз, бұл шындық. Мұндай жұмыртқаны тұтыну есте сақтау қабілетінен айырылуға, тіпті, ақыл-ес кемдігіне алып келеді.

2. Бетонды жаңғақ

Сіз грек жаңғағының жаңа түрінің дәмін татып көрдіңіз бе? Ол – бетонды жаңғақ. Сатып алған жаңғағының іші цементке толы болып шыққан бірнеше жағдай орын алған.

3. Сиыр еті

Қытайда шошқа еті сиыр етінен арзан тұрады. Сондықтан көптеген мейрамхана өз тамақтарына сиыр етінің орнына шошқа етін қосады.

Ол үшін шошқа етіне сиыр еті экстрактын сеуіп, етті бір жарым сағат маринадтап қояды. Нәтижесінде шошқа етінен сиыр етінің дәмі сезілетін болады.

Дәрігер шошқа етінен жасалған мұндай жасанды өнімдерді тұтынуда сақтық таныту керектігін ескертеді. Себебі құрамындағы химиялық қоспалар салдарынан уланып қалуыңыз мүмкін.

4. Жасыл бұршақ

Жасыл бұршақтың да жасанды түрі бар. Ол туралы 2005 жылы басылым беттерінде жарыса жазған еді. Мұндай бұршақты ұзақ уақыт қайнатқаннан кейін де жеу қиынға соғады.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін бұршақтың құрамын зерттей келе, оның соя бұршақтары, жасыл түсті тағамдық бояғыш пен натрий метабисульфитінен жасалғаны анықталған.

5. Бор

Қытайлықтардың тағам өндірісінде шектен шыққаны сонша, тіпті, балаларға арналған тағамдардың да жасанды түрін шығара бастаған. Мұндай тағамдардың құрамындағы негізгі зат – бор. Ол балалардың көптеген дертке шалдығуына әкеліп қана қоймай, шетінеуіне сеп болған.

Ал өнімді жеткізуші жасанды тағамдардың зиян еместігін және түрлі аурулар мен балалар өлімінің себебі бола алмайтынын айтып ақталған.

7.Ас тұзы

Өндірістік тұзды тағамдық мақсатта пайдалануға болмайтыны белгілі. Ал оның бағасы ас тұзынан екі есе арзан тұратындықтан, қытайлықтар ас тұзі ретінде сатқан.

13 жыл бойы өндірістік тұздың 788 тонна мөлшері тек қытайлық емес, әлемдік нарықта сатылған. Мұндай тұзды қайта қолданған жағдайда, адам гипотиреоз, физикалық және психикалық қиындықтарға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар ұрпақ өрбіту жүйеіснде бұзылулар орын алуы ықтимал.

8. Картоп кеспесі

Жасанды тәтті картоп кеспесі. Жүргізілген бірқатар зерттеу жұмыстары мұндай кеспенің жүгері, өндірістік сия және парафиннен тұратынын дәлелдеген. Ал химилық заттардың ағзамызға әсері қандай екендігі бәрімізге белгілі болар?

9. Күріш

Қытайлықтар жасанды жасыл бұршақты ғана емес, күрішті де қолдан жасайды. Мұндай күріш синтетикалық шайыр мен картоптан жасалады екен.

10. Адамтамыр

Химиялық заттардан жасалатын жасанды заттардың бірі – бәріміз емдік шөп ретінде білетін адамтамыр. Бүгінде өсімдік тамырын сататындар жеңіл жолмен мол табысқа кенелуді көздейтіндіктен, бұл өсімдік те күмәнтуғызады.

Пікір: 0
Пікір қосу