ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Петропавл қаласында Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiш-мүсiнiнi ашылды

Петропавл қаласында Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiш-мүсiнiнi ашылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағында мемлекет және қоғам қайраткерi, Ұлы Отан соғысының ардагерi, Социалистiк Еңбек Ерi, Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiш-мүсiнiнiң ашылуына арналған салтанатты рәсiм өттi.

 

Бұл шара Бәйкен Әшiмұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Аталмыш шараға қоғам қайраткерлерi, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мерейтой иесiнiң туысқандары, сол сияқты жергiлiктi университет пен колледждердiң студенттерi қатысты. Жиналғандарды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңiр басшысы ұлы тұлғалардың есiмiн ұлықтау, тарихи-мәдени нысандар ашу, ескерткiштер орнату — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзектi бағыттарының бiрi екендiгiн атап айтты.

«Бағдарламаны жүзеге асыру бiздiң мемлекетiмiздiң, халқымыздың тарихын тануға, ел тарихында ешкiмге ұқсамайтын Бәйкен Әшiмов сияқты кемел тұлғалардың ғаламат рөлiн сезiнуге жол ашады. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлiгi мен табандылығы үшiн «Қызыл Жұлдыз», екi мәрте бiрiншi дәрежелi «Отан соғысы» ордендерiмен, «Ерлiгi үшiн» медалiмен, Польшаны азат еткенi үшiн орденмен марапатталды. Партиялық кеңес жұмысында ол өзiн дана ұйымдастырушы және саясаткер ретiнде ,көрсете бiлдi. Әрине, ол Министрлер кабинетiнiң төрағасы лауазымында Қазақ КСР-iнiң дамуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекет басшысы Бәйкен Әшiмовтi «Отан» орденiмен марапаттай отырып, Бәйкен Әшiмұлының өмiрi Ұлы Отанымызға қалтқысыз қызмет етудiң және қажырлылықтың жарқын үлгiсi екендiгiн атап айтқан болатын. Бәйкен Әшiмовтiң есiмi бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады. Оның өмiрi өскелең ұрпақ үшiн үлгi болатындығына сенмдiмiн», — дедi Құмар Ақсақалов.Сол сияқты салтанатты шара барысында Бәкен Әшiмовтiң ұлы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң ректоры Оңдасын Әшiмов сөйледi.«Бүгiн бiздiң отбасымыз үшiн елеулi оқиға болды, бiздiң әкемiзге Петропавл қаласында ескерткiш орнатылуы мәңгi есiмiзде қалады. Бұған дейiн Алматы қаласында бiр көшеге, Қарағандыда жаңа шағынауданға әкемiздiң есiмi берiлген болатын. Ескерткiштiң ашылуы ерекше оқиға. Облыс пен қала басшылығына осындай қомақты шараны жүзеге асырғаны үшiн зор алғысымды бiлдiремi. Осы жобаны жүзеге асырған мүсiншi Қазбек Сатыбалдыға да айтар алғысым шексiз», — дедi Оңдасын Әшiмов.Салтанатты рәсiм барысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Кәрiбай Мұсырман, ҚР Парламентi Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, сол сияқты еңбек ардагерлерi Жақсылық Ысқақов пен Алик Дядин Бәйкен Әшiмов туралы өз естелiктерiмен бөлiстi.Ескерткiштi құрметтi ашу құқығы өңiр басшысы Құмар Ақсақалов пен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң ректоры Оңдасын Әшiмовке берiлдi.Салтанатты шараның соңында Петропавл қаласының тұрғындары Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды

Пікір: 0
Пікір қосу