ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Тараз-Арена» спорт сарайында «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындарына іріктеу өтеді

«Тараз-Арена» спорт сарайында «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындарына іріктеу өтеді

2017 жылдың 9-10 тамыз аралығында  Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындарына Жамбыл облысының  іріктеу жарысы өтеді.

 

Жарыс спорттың 8 түрі бойынша (тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, қол күресі, гір спорты, жазғы Президенттік көпсайыс, шағын-футбол, волейбол) өткізіледі.

Жарысқа ауданнаң І-ІІ іріктеу кезендерінен өткен 600-ден астам спортшы қатысатыны жоспарлануда.

Іріктеу жарысын өткізуіне жалпы басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы  жүзеге асырады.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдау талаптарын орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, аудан спортшылары арасында достық қатынасты орнату, сонымен қатар аудан спортшыларын бұқаралық спортқа тарту мен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналасуын қамтамасыз ету, сонымен қатар Ақтөбе қаласында  өтетін «Ақ бидай» республикалық VI ақтық ауыл спорты ойындарына Жамбыл облысының құрама командасын іріктеу.

Жарыстың салтанатты ашылуы 2017 жылдың 9 тамыз  күні сағат 10.00-де, «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

 

Пікір: 0
Пікір қосу